Онда Елбасының құнды мақаласы сөз болды
Жақында мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласын насихаттау мақсатында Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде пікір сағаты ұйымдастырылды.
Бұл кездесуге Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып, Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің қызметкері Әсемгүл Қадырменова, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы Гүлдерай Халық және Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Онда музей қызметкері «Ұлы даланың жеті қыры» құнды мақаласымен келушілерді таныстырып, мемлекет басшысының «Архив – 2025» бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды маңызды тұжырымдарына тоқталды.
Жиналғандар Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бастайтын, тарихты терең зерттеуге мүмкіндік беретін Ұлы Дала Елінің рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру туралы аса мағыналы мақаласын қолдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват. Об…
Арендаторы передают неиспользуемые ими участки в фонд государства. (далее…)
Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)
Денисов ауданының орталығындағы балалар кітапханасында жұмыс істейтін Маргарита Николаенко есімді кітапханашы бар. Ол қазақ тілінде…
Аким района Ерлан Жаулыбаев посетил крупнейшее сельскохозяйственное предприятие ТОО «Алтынсарино», где идет подготовка к предстоящей…
This website uses cookies.