Жолаушылар тасымалының сапасы сын көтермейді деп шағымданады арқалықтық жолаушылар

Арқалықтық жолаушылардың өкпесі қара қазандай. Өйткені, «Қостанай-Арқалық», «Арқалық-Астана» вагондардағы тазалық жағдайы мен қызмет сапасы да сын көтермейді. Оның үстіне вагондар ескі, төсек-орны ескі құсқы. Бұған дейін де бұл мәселе әлеуметтік желіде бірнеше рет көтеріліп, вагондарда тарақан өріп жүретіні де жарияған болатынбыз.


-Соңғы кезде вагон іші тым салқын. Дәретханасы қатып қалады. Жолаушылар шұбырып, вагонның келесі басына баруларына мәжбүр. Тағы бір мәселе пойызға билет табу қиын. Онлайн сатылымда билет болмайды. Ылғи да адам толып келеді. Қосымша вагон қоса екен», – дейді жолаушы Дәмелі Сейітқожина.


-Арқалыққа бірыңғай ескі вагондарды жібереді. Төсек-орны да ескі-құсқы. Тіпті ішінде жүруге қорқамыз. Жүргенде қатты теңселіп тұрады. Ең арғысы шайымызды да іше алмаймыз., – жолаушы Рысты Қабденқызы.


Біздің сауалымызға орай теміржол басшылығы пойыздардың толымдылығы 69 пайыз екендігін, ал ескі вагондарды жөндеп жатқандарын алға тартады.

 

Шұға Қоңқабай, Мұрат Жүнісұлы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8