Жерлестеріміз халықаралық фестивальда дипломант атанды
Осы қараша айының басында еліміздің Жезқазған қаласында Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі болып өтті.
Оған Франция, Сербия, Қытай, республикамыздың Алматыдағы неміс, Астанадағы жастар және Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрларының әртістері қатысып, бақтарын сынады.
Біздің жерлестеріміз онда белгілі жазушы әрі драматург Ақылбек Шаяхметтің „Өкініш„ деп аталатын драмасын сахналады. Бұл драманы режиссер Ержан Қауланов қойып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Сөйтіп, өңірдің драма театрының әртістері тың ізденістері үшін халықаралық фестивальдің дипломанты атанды. Ал дарынды актер Олжас Бекайдаров актерлік шеберлігіне байланысты арнайы жүлдеге ие болды.
Облыстық қазақ драма театрының басшысы Сабыралы Кемелбаевтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда өнер ұжымы алдағы уақытта талғампаз жұртшылық назарына ұсынатын спектакльдерге тыңғылықты әзірліктер жасауда.
Оразалы Жақсанов
Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)
Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…
Татьяна Зайцева – пример заботливой и трудолюбивой мамы. (далее…)
Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)
"Приказом ГУ «Управление здравоохранения акимата Костанайской области» от 22 января 2025 года Альмагамбетов Куат Райханович…
Алда ауқымды жұмыстар бар (далее…)
This website uses cookies.