Жезқазғаннан жүлделі оралды

Жерлестеріміз халықаралық фестивальда дипломант атанды

Осы қараша айының басында еліміздің Жезқазған қаласында Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалі болып өтті.

Оған Франция, Сербия, Қытай, республикамыздың Алматыдағы неміс, Астанадағы жастар және Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрларының әртістері қатысып, бақтарын сынады.

Біздің жерлестеріміз онда белгілі жазушы әрі драматург Ақылбек Шаяхметтің „Өкініш„ деп аталатын драмасын сахналады. Бұл драманы режиссер Ержан Қауланов қойып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Сөйтіп, өңірдің драма театрының әртістері тың ізденістері үшін халықаралық фестивальдің дипломанты атанды. Ал дарынды актер Олжас Бекайдаров актерлік шеберлігіне байланысты арнайы жүлдеге ие болды.

Облыстық қазақ драма театрының басшысы Сабыралы Кемелбаевтың айтуына қарағанда,  қазіргі таңда  өнер ұжымы алдағы уақытта талғампаз жұртшылық назарына ұсынатын спектакльдерге тыңғылықты әзірліктер жасауда.

Оразалы Жақсанов

Сурет – ticketon.kz

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5