Жеті отбасы баспаналы болды

Арқалық қаласында «Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасыға пәтер кілтін сыйлады.

Қаладан баспаналы болып қуаныштарын еселегендердің қатарында Арқалық қаласымен қатар көршілес Аманкелді және Жанкелдин аудандарының тұрғындары бар.

-Әрбір сынақтың артында жақсылық болады. Сынақты бірге көтерейік деп келіп тұрмыз. Қандай бір сынақ болса да бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Алла қуанышымызды сезініп, барылығымыздың қуанышымыздай сезініп, бірге қуанды жазсын, – деді ҚМБД төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ, ҚМБД жанындағы әйелдер секторының қайырымдылық шарасы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге бірнеше қонақ көрпе дайындап әкеліпті.

Ел атынан сөз алған Арқалық қалалық мәслихатының депутаты Гүлбану Елтебаева бүгінгі күні Президент тапсырмасымен айтып келмейтін апаттың салдарымен күресуде үкімет тарапынан барлық тиісті іс-шаралардың жүйелі түрде кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын жеткізді. Халыққа көрсетіліп жатқан көмекке алғысын білдірді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1