Жерлесіміз Сағындық Әшім әлем кубогында чемпион атанды

Румыния елінде өткен қазақ күресінен әлем кубогында жерлесіміз Сағындық Әшім чемпион атанды

Бар болғаны 24 жастағы жас палуан бозкілемде белдескендерді тізе бүктіріп, Торғай жерін әлемге паш етті. Сағындық Қасқырбекұлы мектеп қабырғасында оқып жүргенде спортқа бейім еді. Аудандық жарыстарға қатысып, талай мәрте жүлдегер атанды. Кейін балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің күрес бөлімінде тәрбиеленіп, облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарда бақ сынап, жеңіпаз болды. Қазақстан Республикасының спор шебері, ұлттық құрама мүшесі, Қазақстан Республикасының чемпионы, әлемге есімі әйгілі болған жас паулан еліміздің мақтанышы.

– Мен бала күнімде Қажымұқан атамдай палуан болсам деп армандайтынмын. Адамзат баласы біттеген мақсатына жету үшін алға ұмытылып, ештеңеден үміт үзбеу керек екен. Менің әрбір жетістігім қасиетті Торғай жерінің жеңісі деп білемін. Румыния елінде өткен әлемдік кубокқа әрбір мемлекеттен мықты палуандар келді. Бірақ, мен сескенген жоқпын. Себебі, бірінші Алла, екінші торғайлық жанкүйер қолдаушыларым тұрғанда батыл қадам жасауға бел будым. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында туған жерім Торғайға жақсы сый жасадым деп олаймын. Келешекте із басар шәкірттер тәрбиелеп, олардың да есімдерін әлемге танытамын деген сенімдемін, – дейді Сағындық Әшім.

Жас пауанның жеңісіне қуанған жерлестеріміз қолдау көрсетіп, әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Ел мәртебесін асқақтатқан Сағындыққа қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Замандасы, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлде иегері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жазғы универсияданың жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер Нұрсұлтан Болат сыртта жүрген торғайлық азаматтардың үндеуін жолдады.

– Румыния елінде қазақ күресінен өткен әлем кубогы чемпионатында Торғайлық спортшы Сағындық Әшім чемпион атанды. Бұл Торғай топырағынан шыққан тарландардың кезекті, бірақ көптен күткен жеңісі. Ел абыройын асқақтатып, ұлт намысын қорғаған жас спортшымызды қалай әспеттесек те кемшілігі бола қоймас. Әлем чемпионы болу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні тағы бар. Ел азаматтары Сағындық Әшім бауырымызды осы бір жетістігімен құттықтап қана қоймай қолдау көрсетейік деп бастама көтере бастады. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» деген ұстанымдағы торғайлық азаматтар осындай ұйғарымға келіп жатыр. «Азаматымызға лайық заманына сай «ат мінгізсе» жарасымды-ақ болар еді», – дейді тілекші қауым.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 27