Жасыл ел – жобасының төртінші маусымы бастау алды

Елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру.  «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» патриоттық құндылықтарын насихатту, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында түрлі жобалар легі өз жұмысын бастауда. Соның бірі,  «Жасыл ел» жобасы.

«Жасыл ел» еңбек жасағының мақсаты – жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту. Ең бастысы, жұмыссыз жастарды еңбекке араластырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

«Жасыл ел» жобасы біздің ауданымызда 4 жылдан бері өз жұмысын жасап келеді. Биылғы жылы еңбек жасағының жұмысы тамыз айының аяғына дейін жоспарланып отыр. Екі айдың ішнде жастарымыз көркейту, тазалау жұмыстарымын айналысады. Жұмысқа 16 жас пен 35 жас аралығындағы жастар жұмысқа орналаса алады.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында биылғы жылы 30 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылып, ауданымыздың көгалдандыру жұмыстарын белсене атқармақшы. «Jasa» қоғамдық қорының басшысы Серік Авгумбаевтың айтуынша жастарымыз жұмысқа белсенді әрі зор ынтамен кіріскен көрінеді.

-Еске салсақ, біз жоба талаптары бойынша жұмысқа тек 30 жауынгерді қабылдай аламыз. Жұмысқа қабылданған жауынгерлердің жасы 16 мен 35 жас аралығында болуы тиіс. 18 жасқа толмаған жастарды ата-анасының рұқсатымен қабылдадық. Жұмыссыз жастар еңбекке араласып, уақыттарын тиімді өткізуде. Атқаратын жұмысты беруші тарап ұсынып, үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деген жоспарыымыз бар. Жұмыс аса ауыр, қиын емес. Барлығы бір үйдің баласындай, ұжымдасып жұмыс жасауда. Біз жасақ сарбаздарын 2 топқа бөліп, жұмыс жасаудамыз. Қазіргі таңда 1-ші жасақ өз жұмыстарына кірісіп кетті, келесі айда 2-ші топ жауынгерлерімен бірігіп, жұмыс жасаймыз, – дейді Серік Оспанұлы

Екі айға созылатын жұмыстың қызықты әрі ауқымды түрде өтетіні анық. Нақты жоспары мен жұмыс уақыттары бекітіліп, жастарымыз аудан орталығын көгалдандыру, гүл суару, орман алқаптары мен өзен жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстарымен айналысатын болады.

-Менің жазғы демалысым пайдалы әрі қызықты өтуде. Жоба мақсатында бекітілгендей, біз жұмыс жасай отыра өзіміздің патриоттық, Отан сүйгіштік қасиеттерімізді дамыту үстіндеміз. Туған жерімізді түрлі қоқыстардан тазалап, гүлдендіру, көркейту жұмыстарына араласып, ел дамуына өз үлесімізді қосудамыз. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жұмыссыз жастарға жұмыс беріліп, еңбекке араласуда. Жұмысымыз қиын емес, қайта уақытымды тиімді өткізіп жатқаныма қуанамын. Жұмыс барысында өзіме құрбы-құрдас тауып, бірлесіп жұмыс жасап, тәлімгердің бекіткен жоспар-мақсаттарын ұжымдасып іске асырудамыз, – дейді жасақ мүшесі Анастасия Селиваренко.

«Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, тазалауға ат салысып, жазғы демалыстарын тиімді өткізуде.

Ақжан Байтұрсынова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0