«Жасыл ел» – жобасының екінші топ жасақтары өз жұмысын бастады

 Елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жалғасуда.

Акция мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Адал адам – Адал табыс» патриоттық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында түрлі жобалар легі өз жұмысын бастауда. Соның бірі, «Жасыл ел» жобасы.

«Жасыл ел» еңбек жасағының мақсаты – жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту. Ең бастысы, жұмыссыз жастарды еңбекке араластырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

«Жасыл ел» жобасы ауданымызда 4 жылдан бері өз жұмысын жасауда. Биылғы жылы еңбек жасағы өз жұмысын шілде айында бірінші топ жасақтарымен бастаған болатын. Тамыз айының бірінші жұлдызынан бастап, екінші топ жасақтарынан құралған 15 жауынгер өз қызметтеріне кірісті.

-Бірінші топ жасақтарымен біз аудан орталығының көгалдандыру, тазалау сынды жұмыстарымен айналысып, қолымыздан келген жұмыстын барлығын атқарған болатынбыз. Екінші топ жасақтары өз жұмыстарын орталық мешіт алаңдарын тазалаудан бастады. Бірнеше күннен бері осы алаңды тазалау жұмыстарымен айналысудамыз. Жұмыс аса ауыр емес. Барлығы бір үйдің баласындай, ұжымдасып іске кірісіп кетті. Бір қуанарлығы, жұмыссыз жастарымыз еңбекке араласып, уақыттарын тиімді өткізуде, – дейді «Jasa» қоғамдық қорының басшысы Серік Авгумбаев

«Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, тазалауға ат салысып, жазғы демалыстарын тиімді өткізуде.

Ақжан Байтұрсынова

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31