Категории: Культура

Жастарды жат ағымдардан сақтайық

Басқосуда осы жайлы кеңінен айтылды

Жуырда Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин аудандағы екі қазақ мектебінде ұйымдастырылған кездесуге қатысты.

Аталмыш білім ордаларындағы жиынның басты тақырыбы  – «Діни экстремизм мен терроризм» болды. Мұнда бас имам жиналғандарға өз ойын білдірді.

Басқосуда дін қайраткері Ислам – бейбітшіліктің діні және қантөгіс атаулының дінімізге жат екендігіне тоқталды.  Сондай-ақ асыл дініміз әр адамның ар-намысы мен өміріне зиянын тигізбеуге,  азаматтардың діни сенімі мен түр-сипатына қарамай мейірімді, сыпайы болуға шақыратынын да тілге тиек етті.

Қазіргі таңдағы, әсіресе, жастарымыздың арасында діни сауаттылықты арттыру – діни алауыздықтан сақтандыратынын, кейбір жастардың діни уағызды кез-келген жерде кездейсоқ адамдардан естіп, соның нәтижесінде адасушылыққа тап болатынын да жасырмады.

btr

Жастардың жат ағымның жетегінде кетпей, ислами дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір ықпалы ата-ананың тәрбиесіне де қатысты екендігін еске салды. Әрбір әке-шеше өз перзентінің болашағын ойлап, олардың нағыз тәлімгері  атанулары қажет екендігін де әңгімесіне өзек етті.

Жиын соңында бас  имам Мейіржан Қапарұлы ата-аналардың қойған сауалдарына нақты және толық жауап берді.

Сондай-ақ, жалпы Ислам дініне қатысты сұрақтар бойынша тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен мешіт имамдарына қоюлары керек  екендігін ескерте келіп, қажетті мағлұматты тек аталған басқарманың ресми сайттарынан ғана алулары керектігіне де тоқталды.

Оразалы Жақсанов

admin

Недавние новости

На рыбалку с семьей: Аулиекольский рыбак поделился эмоциями от совместного хобби с родными

Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)

22 минуты назад

Династией по сварочному делу можно назвать семью Евгения Арбузова из Мендыкары

Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…

2 часа назад

Жительница Костаная стала жертвой мошенников, вложив 21 млн тенге в фальшивую платформу

Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)

4 часа назад

В городской больнице Костаная новый главный врач

"Приказом ГУ «Управление здравоохранения акимата Костанайской области» от 22 января 2025 года Альмагамбетов Куат Райханович…

4 часа назад

This website uses cookies.