Грант иегерлері анықталды. Биылғы мектеп бітірген түлектердің басым бөлігі ұстаздық жолды таңдады
Өмірдің жаңа белесіне қадам басқан мектеп түлектері сын сағаттарынан сүрінбей өтіп, жоғарғы оқу орындарына жолдама алуда. Қалаған оқу орындарына таңдаған мамандықтарының түскен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Бірі ақылы оқуға, енді бірі мемлекеттік гранттарға ілігіп жатқанын интернет желісіне жарыса салған оқушылар көптің назарында.
Аудан бойынша 155 оқушы мектепті тәмамдады. Оның ішінде 133 оқушы ұлттық біріңғай тест тапсырып бақ сынады. 73 оқушы мемлекеттік грантты жеңіп алды. Былтырғы жылы 33 үздік атестат болса, биылғы оқу жылын 36 оқушы үздік аяқтады. Алтын белгі үміткерлері Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі Аружан Талғатқызы, Қ.Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі Диана Қазымбек мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша озат белгілерін ақтап шықты. Ұбт бойынша ең жоғарғы балл 111. М.Дулатов жалпы білім беретін мектебінің түлегі Аяулым Ерболатқызы жинады.
Мемлекеттік грантты жеңіп алған түлектердің 24 мұғалім, 6 электр техникасы, 3 мал дәрігері, 2 актер, 1 орман шаруашылығы, 1 механик, 1 хореограф, 1 дәрігерлік мамандықтарды таңдаған. Жоғары оқу орнын тәмамдаған жастар елге келіп, қызмет істеп, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосса нұр үстіне нұр болар еді.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.