Жанкелдин ауданының жас өнерпаздары қос бас жүлдені жеңіп алды

 Ауданның абыройы асқақтады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен Қостанай қаласында «Армандастар» балалар шығармашылығының фестиваль байқауы өтті.

Дәстүрлі түрде өтетін байқауға Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің «Еркеназ» үлгілі би ұжымы мен «Сиқырлы театр» үлгілі драмалық ұжымдары қатысып бақ сынады. Әр өңірден келген 17 үміткер ұжымдар өнерлерін ортаға салып, арнайы құрылған қазылар алқасына өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде аудан өнерпаздары өздерінің көпке үлгілі, нағыз шебер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар қазылар алқасының шешімімен жоғарғы ұпайға ие болып, топтар арасында оза шауып бас жүлдені жеңіп алды.


Байқау шарты бойынша, әр ұжым құрамында сахнада сегіз өнерпаз ғана өнер көрсетті. «Сиқырлы театр» үлгілі драмалық ұжымы жерлесіміз Абылай Маудановтың «Мақта қыз» ертегісі желісінде жазылған «Заманауи Мақта қыз» қойылымын қойып, қазылар алқасының көңілінен шықты. Сахнада оқыған маман болмасада, бойдағы дарынды ұштай білген оқушылар, өз рөлдерін асқан шеберлікпен орындады. Жетекшісі Алмас Нұрлан. «Еркеназ» үлгілі би ұжымы Халық биі мен қазіргі замауи үлгідегі «Рух» биін билеп жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жетекшісі Томирис Ақтас. Осылайша, екі ұжымда бас жүлдеге лайық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7