Жанкелдин ауданының тұрғыны мемлекеттік наградамен марапатталды

 Елеулі еңбек еленген күн

Облыс орталығында 25 қазан “Республика күні” мерекесіне орай өткен салтанатты жиында ауданымыздың бір қатар азаматтары мемлекеттік нагарадамен марапатталды. Мәселен, жеке кәсіпкер, аудандық “Аналар кеңесінің” төрайымы Кәмпит Елеутова, Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды.

“Президентіміз, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатын алу мен үшін үлкен мәртебе. Еңбегімнің еленген күні бір бақыт. Біз бірлігіміздің арқасында талай белестерді бағындырып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгісін көрсете білеміз. Мемлекет басшысына, облыс, аудан әкіміне айтар алғысым шексіз”,-дейді марапат иесі.

Мемлекет басшысының алғыс хатын облыс әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты түрде табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Сурет: Марапат иесінің жеке парақшасынан алынды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3