Нәтижелі еңбегінің жемісі
Қазастан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салу мәселесін көтеріп, таңдау халықтың еншісінде екенін айтқан болатын. Осыған орай біздің ауданда арнайы түсінік жұмыстарын жүргізетін комиссия құрамы құрылды. Олардың қатарында зейнеткер, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрханов бар. Ауыл, ауылдық округтерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, АЭС салу еліміз үшін маңызды екенін тарқатып айтып, насихат жүргізді.
“Мемлекет басшысының сарабдал саясатын қолдауымыз қажет. Дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу үшін озық елдермен иық тірестіруіміз керек. АЭС салу мәселесі еліміз үшін өте маңызды. Біз ешкімге тәуелді болмауымыз керек. Халық тарапынан әртүрлі пікілер айтылуда. Пайдасынан зияны көптеген қауесеттер әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Сарапшы ғалымдардың кеңесіне құлақ асқан жөн. Осы мәселелерді халыққа жеткізу тыңғылықты жұмыстар жасадық. Халық түсінгендей болды. Болашағымыз үшін сәтті қадам жасауымыз керек”-дейді Тойғанбол Нұрханов.
Елеулі еңбегі еленіп, жоғары марапатқа ие болды. АЭС салу мәселесіне белсене араласып, республикалық референдум дайындығын өткізуге атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапаталды. Аудан әкімі Шота Оспанов салтанатты түрде табыстап, алғысын білдірді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)
Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)
«Заң және тәртіп» жобасы аясында (далее…)
Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)
Тозығы жеткен мектеп (далее…)
Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)
This website uses cookies.