Жанкелдин ауданының тұрғыны ұлағатты ұстаз жоғары дәрежелі марап иегері атанды
Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған
Облыс орталығында өткен тамыз кеңесінде Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Тамаша Қабажаева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Жоғары дәрежелі марапатты облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұқаметқалиев салтанатты түрде табыстады.
Тамаша Қабажаева саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз. Тың ойлармен тынымсыз ізденістің арқасында әріптестеріне үлгі бола білді.
«Біз Тамаша апайымызды мақтан тұтамыз. Ол кісі өзінің мол тәжірибесін үнемі бөлісіп отырады. Ақыл кеңесін айтып жас мамандарға бағыт бағдар беруден еш жалыққан емес. Мектепте өтетін іс – шаралардың басы қасында жүріп, мәнді әрі тартымды өтуіне мұрындық болып келеді. Осындай ұлағатты ұстаздардың барына шүкіршілік етеміз. Ол кісіден үйренеріміз көп. Көп жылдан бері білім саласында абыройлы қызмет істеп келеді. Еңбегі еленіп жоғары дәрежелі марапатқа ие болды. біз шын жүректен қуаншытымыз», – дейді мектеп директоры Данияр Қамитбек.
Сапалы білім арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаз есімін мәңгілік ұлықтау бүгінгінің парызы. Ұлағатты ұстаз жайлы газетіміздің алдағы санынан толық оқитын боласыздар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31