Өзен жағалауына сенбілікке шықты
Аудан тұрғындары, яғни мекеме, кәсіпорын басшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы сенбілікке шықты. Олар «Жасыл ел» бағдарламасының белсенді жастарымен бірлесіп, өзен жағалауындағы қоқыстарды тазалады.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның облыс, қала, аудан, ауыл, ауылдық округтерінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы сәуір айында бастау алып, күні бүгінге дейін әр тақырып бойынша жүзеге асып келеді.
«Жалпы, республикалық акция аясында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымыз бойынша 35-40 тонна қоқыс шығарылды. 1000-нан астам көшет ағаштары отырғызылды. 44 мәдени-тарихи ескерткіштердің маңайын тазалап, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Республикалық науқанға аудан бойынша жалпы 4000 адам өз еріктерімен сенбілікке шығып, белсенділік танытты. Алдағы уақытта да қарапайым тұрғындар ерікті түрде тазалық акциясын қолдайды деген сенімдеміз», – дейді аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов.
Қазір жаз айында сырттан келетін адамдар көп. Олар қонаққа келіп, кейін суға шомылуға барады. Сол мезетте сусындарының, ішкен тамақтарының қалдықтарын шашып, салғырттық танытады. Өз елімізге жанымыз ашып, экологияның ластанбауына үлес қосайық.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.