Көмірге көңіл көншімей тұр
Әлеуметтік желі арқылы аудан тұрғындары «Шұбаркөл көмірі халыққа неге келмей жатыр» деп өкпе реніштерін білдірді.
«Салеметсіздерме, Торғай халқы!менің айтпағым, осы топта отырған әр елді мекеннің әкімдері, аудан орталығының басшылары, сіздерге өтініш, халық отынсыз отыр. Күн болса бір күннен бір өтіп суып келді. Енді көп ұзамай қылышын сүйретіп қыс келеді. Ешбір үйде көмір жоқ. Камаздар жолдың болмауынан, ауарайының қолайсыздығынан Шұбаркөлге бара алмай жатыр. Арқалық қаласына азғантай вагонмен келген көмір ешкімге жетпейді. Ширетте қаншама камаз күтіп тұр. Сондықтан аудан басшылары неге облыстың басшыларымен сөйлесіп, қосымша вагондар қостырып көмір тасымалдауға, әрекет жасамайсыздар. Неге бір шешімін таппасқа, халық тоңып, міндетті түрде шу шығару керек пе? Шыдамныңда шегі бар. Басшылар бір әрекет жасап халықты тығырықтан шығару жолын қарастыру керек», – деген сөздер әлеуметтік желіде желдей есіп жүр.
Осы мәселелерді анықтау үшін жергілікті билік өкілдерінің пікірлерін тыңдап, назарға алдық.
«Қыстық отын мәселесі расымен де күрделі болып тұр. Коммуналдық кәсіпорынның жалғыз камазы халықты толық қыстық отынмен қамти алмайды. Жекеменшік камазы бар адамдар күнделікті көмір тасуға шығып жатқан жоқ. Оның үстіне Шұбаркөлге баратын жол ми батпақ болып езіліп жатыр. Арқалық қаласына вагонмен келетін көмірлердің жетіспей жатқандығы шындық. Қосымша екі вагон қосу керек деген халықтың ұсынысын облыс басшылығына жеткіземіз. Халыққа көмір жеткзу мәселсімен айналысып жатырмыз. Ауыл, ауылдық окургтердегі тұрғындарда осы мәселені көтеріп отыр. ең алдымен шалғай ауылдағы халықты қыстық отынмен қамту алсақ деген ойымыз бар. Жеке кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мекеме, кәсіпорын мен білім ошақтары қажетті көмірмен толық қамтылды. Енді халыққа жеткізу мәселесін қарастырудамыз», – дейді аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев.
Ашынған халық шу шығарып, жоғары жаққа шағымданамыз деп дабыл қағып отыр. түйіткілді түйінді мәселе көп ұзамай шешімін табады деген үміттеміз.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Эти маленькие солнышки на голых камнях привлекли внимание, и руки невольно потянулись к ним, но…
В мессенджерах распространяется фейковая видеозапись с изображением акима Костанайской области, на которой якобы глава региона…
Дан старт череде мероприятий, направленных на формирование семейных ценностей. (далее…)
Попасть на прием можно как платно, так и по направлению через поликлинику. Об этом сообщает…
Народа на торговой площади было вполне предостаточно, учитывая, что после сорокадневного поста люди верующие вполне…
По словам исполняющего обязанности акима села Боровское Жениса Балабаева, с наступлением благоприятных дней сделано немало.…
This website uses cookies.