Аймақтық әншілер байқауы
Арқалық қаласында ХХІ «Алтын микрафон – 2025» аймақтық әншілер байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Бұл байқауға біздің ауданның жас өнерпаздары қатысып, жас ерекшеліктері бойынша бақ сынады.
«Байқаудың басты мақсаты – жас таланттарды анықтау, қолдау көрсету және олардың болашақ шығармашылық жолына жол ашу. Қазылар алқасының құрамында кәсіби музыканттар, вокалдық педагогтар мен мәдениет саласының өкілдері болды. Олар қатысушылардың дауыс диапазонын, сахна мәдениетін, орындаушылық шеберлігін ескере отырып, әділ бағаларын берді», – дейді ұйымдастырушылар.
7 – 10 жас аралығындағы өнер додасында Жәния Алмасқызы жоғары ұпай алып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Жәния қазіргі таңда Б.Хамзин атындағы өнер мектебіндегі вокал бөлімінің оқушысы. 11 -13 жас ерекшеліктері бойынша сыңға түскен Нұрсезім Қуанышқызы екінші орынға табан тіреді. Олда өнер мектебінің оқушысы. Ал, аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Айқаракөз» вокал үйірмесінің оқушысы Мәдина Бақытбекқызы үшінші орынды иемденді.
«Бұл шара – дарынды жастардың шығармашылығын шыңдауға, өнер жолындағы алғашқы қадамдарын нық басуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Бойында таланты бар ұл-қыздар сахнаға шығып, вокалдық қабілеттерін көрсетіп, қазылар алқасының талқысына түсіп, өнерлерін бағалатуда. Әрбір қатысушы ерекше дайындықпен келіп, түрлі жанрда әндер орындап, көрермендер мен қазылардың қошеметіне бөленді», – дейді жетекшілер.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қамысты аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жайылма» халық театры көрерменге жаңа туындысын ұсынбақ. 24 сәуір…
Қос ішектен күй төгілді (далее…)
Асель Уакбаева намерена через суд добиваться наказания врачей, пишет "ТоболИнфо" (далее…)
В районном Доме культуры прошла игра «Жайдарман» на кубок акима Аулиекольского района, в котором шпаги…
Фото в редакцию «ТоболИнфо» прислали подписчики (далее…)
Об этом сообщает руководитель департамента санитарно-эпидемиологического контроля Ермуханбет Даулетбаев. Пишет "Наш Костанай" (далее…)
This website uses cookies.