Жанкелдин ауданының өнерпаздары, Астана төрінде өнер көрсетті

Әсерлі әнге толы кеш

Аудан көркемөнерпазды “Торғайдан сәлем” атты мерекелік концертін Елорда тұрғындарының назарына ұсынды. Әсем әнге толы әуезді кешті тамашалауға келген көрермендердің қатары өте көп болды. “Жастар сарайы” өнер сүйер қауымға лық толып ине шаншар жер қалмады. Жерлестеріміз рухани демалыс сыйлап,астаналықтардың алғысын арқалады.

“Торғай жерінің мәдениеті ілгері жылжып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді. Мәдениет саласындағы тың идеялар легі кезең кезеңімен жүзеге асуда. Мәселен, “Ауыл және Мәдениет” жобасы Торғай өнерпаздарының рухына жігер беріп, ізденіспен, жаңашылдықпен “Жаңа Қазақстан” тұжырымдамасына серпін беруде. Өткен ғасырды айтпағанда, қасиетті Торғай жерінің көркемөнерпаздары тұңғыш рет Елорда төріндегі зәулімдей Жастар сарайында өнер көрсету еншісіне ие болды. Бұл біздің ауданымыз үшін тарихи оқиға болып саналады”,-дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Жанар Асанханқызы.

Атымтай жомарт азаматтар аудан мәдениетінің қарыштап дамуына серпін береді. Осынау патриоттық позицияңыз үшін Торғай халқының шекісіз ризашылығын аудан әкімінің алғыс хатымен жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов ізгі тілегін білдіпіп, Нұрман Ембергенге, Мұхарбек Жәкейұлына, Талғат Қорғанұлына және сыртта жүрген жас өнерпаздарға табыс етті.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суретті түсірген: Алмас Батырхан

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Костанайцы масштабно отметят майские праздники

Уже сегодня около областного акимата установили сцену. Аппаратуру привезли из города Астана. Организаторы обещают, что…

11 часов назад

Қамыстыда шымылдығын түрген жаңа театр

«Жайылма» театры алғашқы қойылымымен көрерменді тәнті етті (далее…)

18 часов назад

Спортсмены и волонтеры очистили берег Тобола

Утром 3 мая, несмотря на пасмурную погоду, активисты и неравнодушные к природе костанайцы вышли на…

2 дня назад

«Путь к истокам»: для школьников Тобыла провели экскурсию по улицам города, связанным с войной

Ученики 7-х и 11-х классов общеобразовательной школы №1 города Тобыл познакомились с героями войны —…

2 дня назад