Жанкелдин ауданының өнерлі жұптары елге әнмен сәлем жолдады

Отбасылық эстра жұлдыздары

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде туған жердің төл перзенттері, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Қанат пен Әсем Ражановтар отбасылық дуеті «Елім сенің арқаңда» атты ән кешін өткізді.

Қанат пен Әсем Торғайдың тумалары. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің талантты шәкірттері. Жас болсада өмірде көпке үлгі болар жарасымды жұп, өнерде үйлесімді дуэт. Тобыл-Торғай сазгерлерінің әндерін насихаттап жүрген жерлестеріміз, облыстың мәдениет саласына зор үлес қосып келеді.
Алғашқы өнер жолдарын киелі Торғай сахнасында бастаған өнерлі жұп «Елім сенің арқаңда» атты ән кешін туған жеріне арнады. Халықтың ыстық ықыласы, зор қошеметтерінен сезілді. Көрерменннің көп болғаны соншалық, залда ине шаншар жер болмады. Перзенттерін қолдай барған халық әуезді әндерін қосыла айтып, би билеп кештің көңілін қыздыра түсті. Жүректен шыққан әндер, жүректерге жете білді. Жоғарғы деңгейде өткен ән кеші барша көрерменге рухани демалыс сыйлады.Кеш соңында, өнерлі жұпты қолдай келген жандар ризашылықтарын жеткізіп, жылы лебіздерін арнап естелік сыйлықтар табыстады.

«Өнерге қанат қағуға үлкен себепкер болған Б.Хамзин атындағы өнер ордасының ұстаздарына айтар алғысымыз шексіз. Сіздердің арқаларыңызда қанат қағып, үлкен сахналарда өнер көрсетіп, өнерден ойып тұрып орын алатындай дәрежеге жетіп келеміз. Бүгінші ән кешімізге қолдау білдіріп, алтын уақыттарын бөліп келген Торғай жұртшылығына ризашылығымызды білдіреміз»-дейді Ражановтар отбасы.

Елдің батасын алып, ыстық ықыласына бөленген өнер иелеріне тың туындылар мен шығармашылық шабыт тілеймін.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сарыкөл ауданында “Жанашыр бол” ҚҚ өкілі жеке қабылдау өткізді

31 наурызда Сарыкөл ауданының көмек алаңы кеңсесінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Жасгүл Тоғжанова пробация…

4 часа назад

В Костанае на месте заброшенного хлебозавода появятся современные кондитерские цеха

«Больше местных сладостей и новых рабочих мест для своих», - под таким девизом прошла поездка…

21 час назад

Семья Митаевых из села Новонежинка Аулиекольского района развезла продуктовые наборы 30 семьям

В последний день священного месяца Рамадан семья Митаевых из села Новонежинка совершила благородный поступок –…

21 час назад

В селе Караменды Наурзумского района прошли соревнования по тогызкумалак и асык ату в рамках концепции «Наурызнама»

В День национальных видов спорта сотрудники ГУ «Отдел физической культуры и спорта Наурзумского района» организовали…

21 час назад