Айарудың алдағы болашағынан зор
Қыркүйек айында ауданымыздың үш оқушысы облыстық «Махамбет оқулары» байқауына барып, жүлдемен оралған болатын. Облыстық байқауда бірінші орын алған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Айару Сәбитқызы мен Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Кәусар Асыланқызы республикалық кезеңге жолдама алып келген еді. Аталмыш шараның үшінші кезеңі өткен аптада Атырау қаласында өтті. Махамбеттің өшпес ерлігін дәріптейтін бұл байқауға облыс атынан бес оқушы барып бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Айару Сәбитқызы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Жетекшісі Ақмарал Елеубаева. Ақынның өр өлеңдерінен 80 өлеңді жаттап, мүдірмей, нақышына келтіріп оқыған Айару көпшілік ілтипатына бөленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Кәусар Асыланқызы арнайы сертификатпен марапатталды. Жеңімпаздар келер жылы өтетін байқауға жақсы дайындықпен барып, қоржындарындағы өлеңдер санын арттыратынын сөз арасында тілге тиек етті.
Махамбет тарихи тұлға ретінде ғана емес, шығармашыл жан ретінде де өрліктің, рухани байлықтың және зор адамгершіліктің үлгісі екендігін білеміз. Мұндай байқаулар оқушылар үшін өте пайдалы. Республикалық байқауға қатысып, ауданымыз бен облысымыздың абыройын асқақтатқан Айаруға алғысымыз шексіз дейді ұстаздары. Жеңімпаз Айару мен жетекшісі Ақмарал Құлтайқызына аудандық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің әдіскері Жанат Темирова марапаттарын салтанатты түрде табыс етті. Жетекшісі Ақмарал Елубаеваға «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Абай Қасымұлының алғыс хатын табыстады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген: автор
Специалисты также определяли тип личности граждан, находящихся на пробации (далее…)
В Аулиекольском районе запустили проект, направленный на формирование позитивных ценностей в брачно-семейных отношениях среди молодежи.…
В рамках реализации концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры до 2026 года в районе началась реализация масштабных…
Тасқын судың қарқыны баяу (далее…)
Ипотека – это один из лучших способов приобретения жилья в Казахстане. Насчет ипотеки можно встретить…
Шолақсай ауылында Науырзым ауданының құрылғанына 60 жыл толу орайына және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Шолақсай…
This website uses cookies.