Мектеп оқушысының жетістігі
Қостанай өңіріне қарасты мектептер арасында «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшысы» байқауының облыстық кезеңі өтті. Аталған шараға әр өңірден келген оқушылардың өзін өзі басқару ұйымдарының яғни, мектеп парлементінің президенттерімен, орынбасарлары қатысып жыл бойы атқарған жұмыстарына талдап, қорытындылады. Сонымен қатар мектеп парлементінің ұтымды шараларын ортаға салып өз ара тәжірбие алмасты. Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың көшбасшылық және шығармашылық құзіреттілігін арттыру үшін алаң құру. Байқау барысында жасалған жұмысты жоғары деңгейде танысытырып, өз ортасынан топ жарған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы, мектеп парламентінің премьер министірі Айша Қосылбек үздік деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Елугүл Бекетова.
«Байқау жоғары деңгейде өтті. Үш бөлімнен тұратын байқаудың әр кезеңіне ұқыпты, жан-жақты дайындалып бардым. Алғашқы кезеңде бейне презентацияда өзін-өзі басқару ұйымында қандай жұмыс атқарылды, қай бағытта жұмыс жасалғаны жөнінде талдау жасап таныстырдым. Екінші кезеңде атқарылған жұмыстарды барлық құжаттарымен тиянақтап портфолие жасап тапсырдым. Үшінші кезеңде «Миллионға идея» тапсырмасы кезеңінде, мектеп оқушыларымен өткізіліп жүрген ұтымды шара жөнінде жоба қорғалды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты жоба барлық мектептер ортақ, атқара алатындай ұтымды болуы шарт. Мен «Табиғатқа жанашыр ұйым» жобасы аясында қалдық заттарды табысқа айналдыру жұмысы жөнінде таныстырып, үздік атандым »-дейді , байқау жеңімпазы Айша Қосылбек.
Республикалық кезең сәуір айында Павлодар қаласында өтетін болады. Жүзден жүйрік танылған Айша Асылбекқызына сәттілік тілейміз!
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Уже сегодня около областного акимата установили сцену. Аппаратуру привезли из города Астана. Организаторы обещают, что…
Об этом было заявлено на очередном совещании в областном акимате (далее…)
Тарихи тұлғалар мекені (далее…)
«Жайылма» театры алғашқы қойылымымен көрерменді тәнті етті (далее…)
Утром 3 мая, несмотря на пасмурную погоду, активисты и неравнодушные к природе костанайцы вышли на…
Ученики 7-х и 11-х классов общеобразовательной школы №1 города Тобыл познакомились с героями войны —…
This website uses cookies.