Жанкелдин ауданында Жолдауда айтылған тапсырмалар мен ел дамуына арналған басымдықтар кеңінен талқылануда

 Үгіт – насихат жұмыстары жүйелі

Торғай мұражайлар кешенінде «Атом энергетикасының болашағы» тақырыбында желілік кестеге сәйкес, кездесу өтті.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынан кейін арнайы халықтық штаб құрылды. Кездесуге қатысқан мәдениет қызметкерлері, қоғам белсенділері мен аудандық жастар ұйымының өкілдері өз ойларын ортаға салды. Кезедсу барысында Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы және 6 қазан күні өтетін референдум туралы кеңінен әңгіме өрбіді.

«АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея сынды ірі әлемдік державалардың атом энергетикасы белсенді түрде дамытып жатыр. «Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында қазіргі уақытта шамамен 17,9 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде шамамен 36 қызметкер мемлекеттік құрылымдарда, 2,9 мың адам ғылыми-техникалық ұйымдарда, ал 15 мыңға жуығы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да еңбек етуде. Сонымен қатар, шамамен 9000 студент атом энергетикасымен байланысты мамандықтар бойынша білім алуда», – деді халықтық штаб мүшелері.

Кездесуге қатысушылар атом энергетикасының дамуын елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды қадам ретінде қабылдады. Олар сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қазіргі қуаттарды жаңғыртуды қамтитын кешенді тәсілдің қажеттілігін атап өтті. Соңында, қазан айындағы референдумға белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3