Жанкелдин ауданында жеке кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырды

 Жергілікті өнімдер арзан бағада

Күні кеше саяси науқан сайлау кезінде аудан кәсіпкерлері жәрмеңке ұйымдастырып, өнімдерін арзан бағада сатылымға шығарды. Жалпы, бұл жеке кәсіпкерлердің шағын наубайханалары бар. Бірі мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырса, енді бірі өз қаражатына наубайхана ашқан. Ал, бау — бақшамен айналысып отырған жеке кәсіпкер жеміс-жидек, көкіністерін “Торғай” орталық базарына шығарды.

“Біз ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін апта сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Себебі, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін тұтынушылар көптеп алады. Бір жағынан оларға қолдау болады. Кәсіптері ілгерлеп, қаражат айналымының қоры толығады. Сондықтан арзан бағадағы жәрмеңкені жиі өткізіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жөн санаймыз”- дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова.
Нарықтық бағадағы сатылымдар тұрғындарға да жақсы әсер берері сөзсіз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, фото  Ботагөз САМАТОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 16