Жанат мектеп мақтанышы
Ұлы ұстаз, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы–2024» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты ұлт ұстазының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның ұтымды әдіс – тәсілдерін пайдалану және насихаттау. Байқау барысында мемлекеттік тіл оқытушылары өзара бақ сынасып қана қоймай, кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, ересектерге мемлекеттік тілден сабақ берудің сапасын арттырудың оңтайлы әдістерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Қатысушылар «Бейнесабақ», «Сұрақ-жауап», «Жағдаяттық тапсырмалар» үш кезеңі бойынша өзара сынға түсті. Әр ауданнан он бір оқытушы қатысып, сайыста бақтарын сынады. Аталмыш байқауға аудандық тілдерді оқыту орталығының атынан Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жанат Нағмашова қатысып, жүлделі екінші орынға және елу мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
«Байқаудан өте жақсы әсер алдым. Нағыз оқытушыларға арналған сайыс. Жылда ұйымдастырылып тұрса, өзіңді жетілдіру, жан -жақты дамыту үшін қатысып отыруға болады. Себебі, байқаудан түйіп алғандарым көп болды. Бірінші жыл қатысып, он бір қатысушының арасынан екінші орын алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта байқаудан үйренген әдіс тәсілдерді сабақ барысында қолдатын боламын »,-дейді Жанат Айкелдіқызы.
Байқау жеңімпаздарымен өзге де қатысушылар «Тіл-рухани қазына» атты облыстық іс-шарада салтанатты түрде арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.