Жанкелдин ауданында заман талабына сай шағын «Қонақ үй» ашылды

«Кәсіп көзі табыста» дейді жеке кәсіпкер

Аудан орталығынан шағын «Қонақ үй» ашылды. 12 жыл жеке кәсіппен айналысып, елдің алғысын арқалап жүрген Мирас Әбенов өз қаражатын бизнес айналымына салуды жөн санады. Бұл қонақ үйі талапқа сай. Бағасы да тиімді. Жылу жүйесі толықтай тартылып, іске қосылды. Ашылу салтанатына қатысқан билік өкілдері ризашылықтарын білдірді. Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев жаңа бастаманың игілігі ел үшін пайдалы екендігін тілге тиек етті. Келешекте мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз несие алып, қонақ үйінің ауқымын кеңейтуге болатынын айтты. 3 бөлмелі қонақ үйінің ішкі келбеті көзтартарлықтай. Замануи құрылыс материалдарын пайдаланып, көркіне сән кіргізген. Ас үй, жуынатын бөлме, әжетхана бар. Шағын демесеңіз қаладағы қонақ үйлерден еш айырмашылығы жоқ. Тек келген адам тамақты өздері дайындап ішеді. Ас үйінде қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Қонақ үйіне келген мейман тәулігіне 5000 теңге төлейді.


«Мен мемлекетттен несие алған жоқпын. Жеке өз қаражатымды мақсатты пайдаландым. Жергілікті әкімшілік қысқы су құбырын ішке кіргізіп берді.Оның сыртында есік алдына қиыршық төсеніш тасттардан көмектесті. Шынайы алғысымды жеткіземін. Негізі бас кезінде бұл үйді арендаға беруді жоспарлағам. Оған көп сұраныс болмады. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматованың ұсынысын құп алым, шағын қонақ үй ашуды қолға алдым. Алдағы уақытта тазалықпен айналысатын бір адамды тұрақты жұмыспен қамтитын боламын», – дейді жеке кәсіпкер.

Шағын «Қонақ үй» Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан. Іс – сапармен келген адамдарға қонақ үй құжаттарының толық пакеті (QR коды бар фискальды түбіртек, шот фактура, орындалған жұмыс актісі) заңды түрде беріледі. Байаланыс телефондары: 8 778 555 37 61. 8 778 555 37 62 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суреті: жеке кәсіпкердің парақшасынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Профессиональная деятельность карасуских педагогов отмечена на республиканском уровне

Сельские учителя стали участниками встречи с министром просвещения Гани Бейсембаева в Астане. (далее…)

18 часов назад

Жанкелдин ауданындағы қос өнерлі ұжымның еңбегі жоғары бағаланды

«Үлгілі» атаққа лайықты 2024 жыл ауданымыз үшін жақсылыққа толы берекелі жыл болды Жыл аяғын қорытындылау…

2 дня назад

Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

Интервью Главы государства газете «Ana tili» – Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич, в прошлом году в интервью газете…

2 дня назад

Встреча гидроспециалистов в Карасуском районе позволит найти новые решения в борьбе с последствиями “большой” воды

В созданную группу для рассмотрения и решения узкопрофильных вопросов вошли представители ведомств, специализирующихся на управлении…

2 дня назад

This website uses cookies.