Жанкелдин ауданындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

 41 адам жаңа баспанамен қамтылады

Елді дүрліктірген тасқын судың зардабын жою жұмыстары аяқталды. Енді шыққан шығынның орнын толтыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, 100 АЕК көлемінде мемлекет тарапынан 55 млн 380 мың теңге қаржы бөлінді. Яғни 140 отбасыға 369200 теңгеден біржолғы көмек төленді. Табиғи апат кезіндегі мал шығыны анықталып, оларға да тиісті қаржы берілді. Басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруа қожалықтары. Бұл күрделі мәселелердің күрмеуі шешілді. Су тасқынында бірқатар ауылдардың тұрғындары үйсіз қалды. Осы тұрғыда Қостанай облысына келген Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев, табиғи апаттан зардап шеккен адамдар көмексіз қалмайтындығын айтқан еді.

Мемлекет тарапынан қолдау болатындығын жеткізген болатын. Қазіргі уақытта біздің аудан бойынша 41 үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тәуіш ауылына – 22, Көлқамыс ауылына – 19 үй салынуда. Мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарының сапасына көңіл бөлуде. Оның сыртында жергілікті билік өкілдері, арнайы құрылған комиссия мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары жіті бақылап отыр.

«Біз үнемі сол құрылыс болып жақан ауылдарда жүреміз. Санынан сапасына бақылау жасап отырмыз. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары қарқын алды. Мердігер атанған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер сапалы жұмысқа мән беріп отыр. Екі жақты келісім шарт негізінде амыз айының аяғында аяқтап, үйсіз қалған тұрғындарға пайдалануға беріледі», – дейді аудандық құрылыс және қала құрылыс бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиев.

Уақытша қазақы киіз үйде күнелтіп отырған тұрғындар көп ұзамай жаңа үйге кіріп, қоныс тойларын атап өтетін күнде алыс емес.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7