Жанкелдин ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандар облыстық жарыстан жеңспен оралды

 Жерлестеріміз жеңіс туын желбіретті

Денисов ауданында өткен IV спорт фестиваліне қатысқан жерлестеріміз жеңіспен оралды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттық жарыс шахмат, асы ату, тоғызқұмалақ, корнхолл, дартс, үстел теннисі, эстафета түрінде ұйымдастырылды.

Ауданымыздың намысын корнхолл спортынан қорғаған Ержан Жексенбай және тоғызқұмалақтан Мұратбек Жұмабаев 1 орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Ержан үстел теннисінен 3 орынды иеленді. Гүлшат Башухина корнхоллдан 2 орынға табан тіреді. Тоғызқұмалақтан Құндызай Ғалымова 1 орынды иемденсе, асық атудан 3 орынды қанағат тұтты.

“Спорттық фестиваль жоғары деңгейде өтті. Біздің спортшыларымыз намысты қолдан бермеді. Қай спорт түрі болса да жеңіске деген жігерлерімен жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, ” Өзіңе сен” шығармашылық байқауға қатысқан Талғат Сүйінбеков пен Нұрымбет Сейдахмет жақсы көрсеткен өнерлері үшін арнайы марапатталды”-дейді спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов.

Кедергісіз келешек жобасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үлкен қолдау. Аудан өңіріндегі мәдени, қоғамдық, спорттық шараларға белсене араласып жүрген олар еліміздің мақтанышы.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31