Бұл сапалы білімге негізі бағыт
ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Ол үшін алға міндеттер қойылды. Соның бірі – білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
Жангелдин аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі тірек мектептер қатарына енді. Аталмыш мектептің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай толық жаңартылмақ. Ізгілікті іс мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржыландыруымен жүзеге асырылып отыр. «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы білім ұясына енді жаңаша рең береді. Енді тірек мектептің орта мектептен айырмашылығы қандай? Оқушылар үшін оқу ордасында қандай мүмкіндіктер қарастырылады?
«Тірек мектептің тиімді тұстары көп. Оқу ордасында оқушылар үшін барлық жағдай жасалады. Соның бірі, робототехника сыныбы. Мұнда оқушылар техниканың тілін меңгеруге машықтанады.Бұған дейін қыздар шеберханасында құрал-жабдықтар болмаған. Енді тірек жобасы жүзеге асқаннан кейін мұндағы сынып 100 пайыз құрал-жабдықтармен толық қамтылатын болады. Шеберханада қыздарға кесте тоқып, құрақ құруды үйрету мақсатында тігін машинасы мұнан бөлек, тағам әзірлеуді үйрету үшін ас үй жабдықтарымен қамтылатын болады.Ертең ел қорғаны болатын азаматтар бүгіннен бастап әр іске машықтанғаны жөн. Сондықтан ерлер шеберханасында да балаларды еңбекке баулу бастамасы жолға қойылған.Тірек мектеп жобасы бойынша ұлдар шеберханасы да заман талабына сай жаңаратын болады. Мұнда ер балаларды еңбекке баулу үшін бұрғылау, жону, кесу, қайрау, дәнекерлеу станоктары қойылмақ.Одан бөлек барлық сыныптар қажетті құрал жабдықтармен толықтай қамтылмақ.Бұл жоба аясында ұстаздарымыз педагогикалық шеберлік орталығында, зияткерлік мектептерінде өз білік¬тілік¬терін арттыруға, семинарларға қатысуға, тәжірибе алмасуға өте үлкен мүмкіндіктер жасалады»,-дейді мектеп директоры Данияр Қамитбек.
Бұл жұмыстарға «Қазақстан халқына» қоры 250 миллион теңге қаржы бағыттаған. Мұғалімдері де біліктілігін арттыру мақсатында зияткерлік мектептердің мамандарымен тәжірибе алмасатын болады.Тірек мектептің тағы бір ерекшелігі, басқа да мектеп оқушылары осы оқу ордасында шығармашылығын арт¬тыруға мүмкіндік алады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
Обе стороны представляют именитые адвокаты (далее…)
Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)
Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…
Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…
Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)
This website uses cookies.