Жанкелдин ауданындағы білім ордасының қара шаңырағына айналған мектеп
Ұлттық құндылық қастерлі.
Ы.Алтсынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл мен әдебиет – тәрбиенің қос қанаты» атты он күндік өтуде. Дүйсенбі күні бастау алған шара, кең көлемде арнайы он күнге белгіленген іс-шаралармен жалғасуда. Он күндіктің негізгі мақсаты қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасын кеңінен таныстыра отырып, оқушылар бойына ұлттық сана сезім қалыптастыру. Сонымен қатар ұлт зиялыларын насихатттап, оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту. Телекөпір, эсссе байқауы, көрме, зияткерлік ойын, сахналық қойылым,интелектуалды сайыс, поэзия сағаты, дебат, әдеби сазды кеш сынды шараларға қатыса отырып, он күн оқушылар қызыққа толы әдебиет әлемене саяхаттайды. Сонымен қатар оқушылардың үзіліс уақытын тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, жеңіпаздарға сйылықтар таратылуда.
«Мектепте әр апта пән апталықтары ұйымдастырылып отырады.Оқушылардың әр пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін шараларға ұстаздарда оқушыларда белсені қатысады. Осы апта қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің он күндігі деп белгіленді. Түрлі шаралар өтіп, белсенді оқушылар марпатталуда. Негізі он күндіктен оқушылар пәнге деген білімдерін тереңдетуге, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, елжандылыққа, адамгершілік пен бауырмал болуға тәрбиеленіп қалыптасады деген ойдамын»-дейді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Есекеева.
Оқушылардың уақытын қызықты, тиімді етіп ұйымдастыру әр бір пәнге деген қызығушылықтарын оятады деген сенімдемін. Бос уақыттарын ұялы телефонда телміріп отырмай, үнемі ізденіспен өткізссе оқушының да алар пайдасы көп. Осындай шаралар жиі өткізіліп отырса ұстазбен оқушы арасындағы байланыс нығая түсетіні анық.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31