Жанкелдин ауданындағы барлық мектептер білім күнін қарсы алды

 Жаңа оқу жылы жемісті болсын

Бүгін аудан орталығындағы Ш. Уәлиханов, Н. Иванов, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептерінде “Сыңғырла күміс қоңырау” атты мерекеліш кеш өтті.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы алғашқы қоңырау жаңа форматта болды. Алғашқы қоңырау мерекесіне 1 және 11 сынып оқушылары ғана қатысты. Әр мектепке бөлінген өкілдер ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ал, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебіне арнайы барған аудан әкімі Шота Оспанов жаңа оқу жылы қарсаңында ізгі тілегін жеткізді.


“Құрметті ұстаздар мен ата- аналар және оқушылар. Баршаңызды жаңа оқу жылының бастауымен құттықтаймын. Жаңа Қазақстан идеологиясында барлық мектептерді жаңа технология қамту мәселесі біртіндеп қолға алынды. Мәселен,” Қазақстан халқына” қоры арқылы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі жабдықталды. Келер жылы да жалғасын табады деген сенімдемін. Ұстаздар қауымына жемісті еңбек, оқушыларға сапалы білім нәрін сіңіріп еліміздің мақтанышына айналсын деген ниеттемін”,- деді аудан әкімі.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсетті. Екі ауысымға бағытталған мектеп директорларының бұйрығын, мектепке директорларының орынбасарлары таныстырды. Мерекелік жиыннан кейін қоңырау соғылды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1