Жанкелдин ауданындағы Қарғалы елді мекенінде су қарқыны қатты

Жергілті халық дабыл қақты

Шағын ауылдың тұрғындары билік өкілдерінен көмек сұрады. Себебі, бұл елді мекенде адам саны өте аз. Сондықтан тасқын суға тойтарыс бере алмай отыр. Екіпіні қатты су жайылымға жайылып, маңайындағы үйлерге қауіп төндіріп тұр. Аудандағы еріктілер жасағы көмектесуге аттанды. Олар бұған дейін Тәуіш, Шұбалаң, Сужарған, Аралбай ауылдарына барып, тасқынға қарсы тұрып, тойтарыс берген азаматтары.

“Біз қашанда көмектесуге әзірміз. Аудан жастары ерікті түрде күш біріктірді. Бүгін Қарғалы ауылына барып, сол жердегі адамдарға жәрдемдесеміз. Мұндай тасқын су тарихта болмаған шығар. Аллаға шүкір қазір біраз ауылдардағы су басу қауіпі сейілді. Осының барлығы бірліктің және ел азаматтарының арқасы деп білемін”, – дейді еріктілер құрамы.

Ия, біріксек, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес болмайды. Алға жігіттер. Іске сәт.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1