Жанкелдин ауданында өткен қазақ күресінде ағайындылар жүлдегер атанды

 Байрақты бәсекенің жеңімпаздары

Батыр, қолбасы, мәлімгер, би Теңізбай батырдың 333 жылдығына орай қазақ күресінен байрақты бәсеке өтті.
Әр тараптан келген балуандар бозкілемде белдесіп, білек күшін сынады. Әр салмақ бойынша белдескен балуандар жеңіске жетіп, ақтық сайыс “Түйе палуан” атағына таласты.

“Жан-жақтан келген балуандардың барлығы мықты. Республикалық дәреже де күресіп, жүлдегер атанғандар. Сондықтан бұл бәсекеге келген жанкүйерлерде өте көп. Бағы жанған балуандар қомақты қаржымен марапатталады. Теңізбай батырдың ұрпақтары демеушілік жасап жатыр”,- дейді спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов.

Ақтық бәсекеге шыққан балуандардың ішінен ағайынды Мереке мен Ерқанат Рыздықовтар бірінші орынды жеңіп алды. Бірі ірі қара яғни өгіздің егесі атанды. Ал, екіншісі 1 млн теңгенің иесі болды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: Рүстем Нығымет


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2