![](https://cdn.qostanai.media/wp-content/uploads/2025/02/2d29ce8f-e808-4a07-9d34-95f9b68dc83d.jpg)
Жанкелдин ауданында тұратын Тыл ардагері 90 жасқа толды
Кейуананың өмірі өнегеліЖуырда ғана 90 жасқа толған аяулы ана, ардақты әже, еңбек ардагері Күлнар Ырсалдинаның шаңырағына арнайы барып, кеңінен әңгіме өрбіттік.
Кешегі зобалаң, аштық пен соғыс кезінде дүниеге келген әжеміз өткен өмірінен сыр шертті. Өмірдің тауқыметін көп көрген кісі қарапайым отбасында тәрбиленген. Бар болғаны 4 жылдық қана білімі бар. 9 жасынан еңбекке араласқан.
“Біз не көрмедік. Қолдан жасаған аштықты, әлемді дүрсілкінткен сұм соғысты көріп өстік. Туған жер төсінде асыр салып, балғын балалық шағымызды қызықты өткізбедік. Тылда еңбек еттік. Ауылда қалған үлкен кісілерге жәрдемдесіп, еңбек еттік. Соқамен жер жыртып, шығыр тарттық. Қысқасы, тағдыр тауқыметін көп көрдік”, — деп кейіпкеріміз ауыр күрсінді.
Әжеміз әлі тың. Қимылдары да ширақ. Тек құлағының ауыр естігені болмаса, денсаулығы өте жақсы. Немере мен шөберенің қызяғына кенеліп отырған қарт ана жүз жасқа жетсін деп тілейміз.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31