Жанкелдин ауданында шағын наубайхана арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр
Кәсіптің үш түрін меңгерген
Тиыннан теңге құрау үшін инемен құдық қазғандай еңбектену керек.
Кәсіпкерлік бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, аудан көлеміндегі 664 кәсіпкер жергілікті кірістер басқармасына тіркелген. Оның ішінде 8 жеке кәсіп иесі ұн өнімдерін сатумен айналысады. Аудан тұрғындарын нанның әр түрімен, бәліш, тоқаш, самса, тәтті торттар сияқты қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отыр.
Солардың бірі күніне 600 бөлке нан пісіріп, аудандағы 13 дүкенді нанның әр түрімен қамтып отырған, «Тәтті нан» шағын наубайханасы. Кәсіп иесі Әбеу Әсел Айтбайқызы.
Әсел Айтбайқызын жеке кәсіп иесі ретінде бәрі жақсы таниды. Өмірге деген құштарлығы, еңбексүйгіштігі, адамгершілігі, әр істі тез игере кететін қабілеттілігінің арқасында бір өзі бірнеше кәсіпті қолға алып, дөңгелетіп келеді. 2008 жылдары тамақ өнімдерін сататын «Айжан » дүкенінін ашып, қазіргі таңда тұрақты тұтынушылары бар, іздегеннің бәрін дүкеннің сөрелерінен таба аласыз. Тауарларда апталап жиі келіп тұрады. Алғашқы дүкен ашқан кезеңдерде, дүкен кәсібімен қатар, бойдағы дарыны тігіншілік қабілетін кәсіпке айналдырып қатар алып жүрді. Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің биші қыздарының киімдерін тапсырыспен тігіп, одан бөлек тұрғындардың тарапынан тапсырыс көптеп түсе бастаған. Кейін тәтті торттар курсын оқып ауданға алғашқылардың бірі болып тәтті торт өнімдерін сатуды қолға алып бірнеше кәсіпті жандандырып бірге алып жүрді.
«Ең алдымен осындай еңбекке баулып, шаршауды білмейтін еңбекқор етіп тәрбие берген ата-анама алғыс айтқым келеді. Екіншіден қандай кәсіп бастаймын десемде қолдай кететін жолдасыма, балаларыма ризамын. Әйел адамның үйде тірлігі көп қой, бала тәрбиесі, қонақ күтуі, баллардың сабағы, үй шаруасы дегенмен жасаймын деген адам ешқандай кедергіге қарамай ақ, бәріне үлгереді. Қолыңнан келсе жасау керек. Кез -келген кәсіп түрін бастамас бұрын кедергілер, қиындықтары бар, көп қателесесің дегенмен соңына дейін шыдай білу жақсы нәтиже береді. Сол үшінде ең алдымен тұтынушыларыңның алғысын алып, кәсібіңнен тұрақты пайда көріп отырсаң жақсы көретін ісіңді жасау барысында шаршамайсың. Мен кішкентайымнан бейнетті көріп өстім, бардыда жоқтыда көрген соң, әкемнің тәрбиесінің арқасында қандай қиындық болсын сынбауды, анамның арқасында жоқтан бар жасауды үйрендім. Қазіргі таңда балаларымды да жолдасым екеуіз еңбекке баулып тәрбиелеп келеміз»,-дейді кәсіп иесі.
Әсел Айтбайқызының негізгі мамандығы тіл маманы. 2008 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде бір жыл жұмыс жасап, кейін мұғалімдік қызметін тапсырып, кәсіп бастауды қолға алған. Жолдасы Ғауез Әбеу өрт сөндіру бөлімінің ардагері. 2001 жылы отбасын құрып, бүгінде үш қыз бір ұлды тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Бастаған кәсіптің әр бірін отбасы мүшелері біріге отырып атқарып дөңгелетіп отыр. Тауарларды Қостанайдан баллары камазға тиеп салып жіберсе, дүкеннің алып сату шаруаларын жолдасы қолға алған. Екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Бірі дүкенде, енді бірі наубайханада қолғабыс етеді.
«Шағын наубайхана ашу көптен арманым еді. Дүкен сөрелеріне ыстықтай тоқаш, шұшық оралған нандар, фас фуд өнімдерін ыстықтай пісіріп шығарып жүрдім, тұтынушылар бірден алып кететін. Кейін нан ашытатын құрылғы, үлкен пеш сатып алып шағын наубайхана аштық. Осылайша күнде нан өнімдері тәтті тоқаш, қара нан, бөлке нан, ыстық бауырсақ сияқты түрлерін пісіріп шығара бастадым. Алғашында қиындықтар болды. Көп еңбекпен әдемі жасалу жолына қолым үйреніп қазіргі таңда бір күнде 600 нан пісіріп, өз дүкенімізді қоспағанда, аудандағы 13 дүкенді нанмен қамтып отырмыз. Одан бөлек арасында тәтті торттарға тапсырыс қабылдаймын. Менің бір қасиетім істеген істі тиянақты басынан аяғына дейін жеткізу. Кәсіп бастауға қорқып жүргендерге айтарым бірінші аллаға, екінші өзіңе сен дер едім»-дейді Әсел Айтбайқызы.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31