Жанкелдин ауданында республикалық акция жалғасын табуда

 Ауылдың гүленуі – Қазақстанның гүлденуі

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасын тауып, аудан көшелері мен саябақтар қалыпқа келіп қалды. Оның сыртында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастартар да өз үлестерін қосып жатыр. Республикалық акцияға атсалысқан Болат Хамзин атындығы өнер мектебінің ұжымы мектеп ауласын қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсене кірісті.

«Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акцияның аты айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет ағаштарын отырғызуға үндеу. Тазалық табалдырықтан басталады. Біз бүгін ұжымымызбен мектептің алдын тазалап, гүлзарларға су құйып, қоқыстарды жинап, белгіленген орынға апардық. Осы акция басталғалы ауданымыздың ажары нұрланып, көше сәндері көз тартарлықтай күйге келді. Әрбір азамат, әрбір тұрғындарды республикалық акцияға қатысуға шақырамыз», – дейді мектеп ұжымы.

Сәуір айынан бастау алған акция күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шарада торғайлықтар апта басынан көшелер мен саябақтарды абаттандырды. Көшеттер отырғызды. Бұл жұмыстарға аудан әкімінен бастап жастарға дейін атсалысуда

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0