Жанкелдин ауданында «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымы сахналанды

Театр әртістері алғыс алды

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық театры» әртістері «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» қойылымын сахналады. Көрермендерге ерекше әсер қалдырған қойылымның басты мақсаты, жастардың бойында ұлттық рухты түсінуін тереңдетіп, қазақ халқының ұлы тарихын, дәстүрін таныту. Оқиға желісінде махабат пен өшпенділік, араздық пен достық секілді тақырыптар көтерілсе, екінші жағынан – қазақ қоғамының әлеуметтік өмірі мен құндылықтары жайлы ой салады. Әртістер өз рөлдерін асқан шеберлікпен орындап, жүректен шыққан сөздерін жүректерге жеткізе білді. Қозы мен Баянның арасындағы махабатқа толы оқиға көрермендерді өзіне тартып, ерекше әсер қалдырды. Қойылымның маңыздылығы және оның жастар үшін тәрбиелік мәні ерекше екенін атап өтті қойылым режиссері Фариза Бүркітбай.

«Бұл қойылым біздің ата-бабамыздан қалған мол мұраны дәріптейтін ерекше жоба. Оның негізгі мазмұны бүгінгі күнмен үндесіп, әрбір жастың бойында ұлттық рухты қалыптастыруға бағытталған. Қозы мен Баянның махабаты-бұл тек жеке адамдардың арасындағы емес, ұлттың, халықтың арасындағы сүйіспеншілік пен татулықтың символы»,-деді режиссер.

Қойылым тамашалауға келген көрермендер үшін рухани демалыс болды. Ерекше әсер алып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Денисов ауданында көктемгі әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр?

Жуырда ҚР Қарулы күштерінің қатарына шақырту алған Денисов ауданының жас жігіттері әскерге аттанды. Олар Отан…

2 часа назад

Костанайцы масштабно отметят майские праздники

Уже сегодня около областного акимата установили сцену. Аппаратуру привезли из города Астана. Организаторы обещают, что…

19 часов назад

Қамыстыда шымылдығын түрген жаңа театр

«Жайылма» театры алғашқы қойылымымен көрерменді тәнті етті (далее…)

1 день назад

Спортсмены и волонтеры очистили берег Тобола

Утром 3 мая, несмотря на пасмурную погоду, активисты и неравнодушные к природе костанайцы вышли на…

2 дня назад