Жас мамандар өзара бақ сынады
Аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл білгірлерін анықтауға бағытталған «Тіл шебері» байқауы өтті.
«Байқаудың басты мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, тіл мәдениеті жоғары, ойы ұшқыр азаматтарды қолдау және насихаттау», – дейді ұйымдастырушылар.
«Тіл – тұғырым» – қатысушылар берілген тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазды. «Тіл дарын» – ілеспе аударма кезеңінде қатысушылар мәтінді бір тілден екінші тілге аударып, тілдік икемдерін сынға салды. «Тіл өнер» – қатысушыларға ұсынылған бейне немесе сурет мазмұнын ағылшын тілінде баяндап, өз ойларын еркін әрі нақты жеткізді.
Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Марғұлан Қасымбек жеңіп алып, облыстық кезеңге өтті. Екінші орынды Ғалинұр Сүндетбаев иеленді. Үшінші орынды Ақбота Мерекеқызы иемденді.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанқанқызы қорытынды сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
«Тіл шебері» байқауы – мемлекеттік қызметтегі кәсіби мамандардың үш тілде еркін сөйлеуін дәріптеген тағылымды іс-шара болды. Көптілділікті қолдау – кемел келешекке бастар даңғыл жол екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Байбатыр АХМКТБЕК
Отан Оттанда ыстық (далее…)
Адамзат тарихындағы ең қасіретті оқиға – екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 80 жыл толып отыр.…
В Жастар сарайы в городе Костанае состоялся крупный шахматный турнир, организованный Сенатом Парламента РК и…
2024 год стал по-настоящему прорывным для транспортной инфраструктуры Костанайской области. (далее…)
Дарига Дауренбекова долгое время проработала в областной библиотеке имени Толстого, а сейчас живет в Астане.…
This website uses cookies.