Салауатты өмір салты
Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында қысқы спартакиада ойындары екі күнге созылды. Шаңғы жарысынан бақ сынаған оқушылар байрақты бәсекенің бәсін қыздырды. Жанкүйерлердің қолдауына ие болған шаңғышылар спартакиада ойындарында жақсы көрсеткішке ие болды. Командалық бәсекеде намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Оның сыртында көз мергендіктерін сынап, нысананы көздеп атты.
«Жыл сайын оқушылар арасында қысқы спартакиада ойындары жалғасын тауып келеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайыс, оқушылардың денсаулығына өте пайдалы. Таза ауада шаңғы теуіп, кең тыныстағанға не жетеді. Бұлшық еттері қатайып, бір серпіліп қалады. Біз үшін балалардың денсаулығы маңызды. Ол үшін үнемі спортпен шұғылдану керек. Біздің тарапымыздан спорттық шаралары үнемі ұйымдастырылып отырады. Жыл басындағы жоспарға сәйкес, көптеген іс – шаралар бар. Сондай –ақ, Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына бағытталған сайыстар алдағы уақытта басталады», – дейді білім беру бөлімінің мамандары.
Екі күндік жарыста жеңімпаздар анықталып, арнайы алғыс хаттар мен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
По архивным данным в период депортации в Карасуский район прибыли 3 602 человека, для их…
Два дня назад подтопление сельского кладбища у села Новосёловка было угрозой, сегодня, к сожалению, это…
Мероприятие прошло 22 февраля. Участники выезжали за город, катались на горках, играли и весело проводили…
В поликлиниках по всему Казахстану теперь нельзя получить услуги без предварительной идентификации пациента. (далее…)
Әсерлі әнге толы кеш (далее…)
Доброй традицией стало проведение благотворительных концертов в предверии первого дня весны. (далее…)
This website uses cookies.