Жанкелдин ауданында көшелер асфальтталып жатыр

 Қарқынды құрылыс жұмыстары басталды

Аудан орталығындағы көше асфальттары 40 жылдан бері жөндеу көрмеген. Кейбір көшелердің топырағы шығып, ақ шаңдаққа айналған. Енді бірі шұрық тесік, аюдың апанындай. Былтыр жоспарланған жұмыстар мердігердің салғырттығынан жүзеге аспай қалған болатын. Биыл 14 көшеге асфальт жабындысы төселіп жатыр. Мердігер атанған “АлюминСтрой” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қарқынды жұмысқа кірісіп кетті.

“Жалпы, көшелерді асфальттау мәселесі жақсы жолға қойылды. Бірқатар көшелердің сәні кіріп қалды. Біз жұмыстың мерзімінен бұрын аяқталғанына емес сапасын мән береміз. Жергілікті маслихат депутаттары да үнемі қадағалап, ескертулер жасап отырады. Қолдан келгенше жоспарда жоқ суағарларды салдырып жатырмыз. 40 көшені қалыпқа келтіріп алсақ, ауданымыздың ажарына сән кірер еді” – дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарағұл.

Аудан көлемінде инфрақұрылым жобасы жақсы жүзеге асып жатыр. Орталық көшелерге жаяу жүргіншілер жолы төселуде. Осындай жұмыстар ауыл, ауылдық округтерде де жалғасын табады деген жоспар бар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4