Жанкелдин ауданында иттерді аулау немесе көзін жою мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді

Иттерді қорғау заңына өзгеріс енгізу керек

Өзгерісті қалайтын мемлекеттің де өзгермейтін заңдары бар. Ол ұлттық менталитетке, туралыққа, қоғам пайдасына негізделмеген. Үй жануарларының пайдасына негізделген заңға халық қарсы. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енгелі иттерге қабақ шытып қарауға да болмайтын болды. Көшеде кездескен бұралқы иттерді атуға тыйым салынған. Мылтық кезесеңіз айыппұл арқалап, заң шеңберінде жауапқа тартады. Ол аз болса, иесіз иттерге зәбір көрсеткені үшін қылмыстық кодекс бойынша іс қозғайды.

«Ит жеті қазынаның бірі» деп асыраймыз. Ол дұрыс. Бірақ, асырағаннан кейін байлап баққан жөн. Босып жүрген бос иттер адам өміріне қауіп төндірері сөзсіз. Күндіз көшеге шықсаңыз ұйығып жүрген үйірлі иттерді көресіз. Бір отбасы бір ит асыраса дұрыс қой. Күнделікті көзбен көріп жүрген жәйітті жәй ғана мысал ретінде келтірейін. Нұрхан көшесінің тұрғыны Қасым Құлтанов деген азаматтың үйінде 4 ит бар. Екеуі еркек, үшеуі ұрғашы.

Бұл үш ит былтырғы күшік. Жаз айында ит аулаушылардың құрығынан құтылып, қазір құтырып жүр. Дәл осы үйде тағы 3 күшік бар. Бауырларын көтеріп, шәуілдеуге жарап тұр. Жаз бойы иесі бар, иесі жоқ иттер бақпадағы қойларға шапты. Өрісте бұзаулаған сиырлардың төлдерін жеп қойды.

Аудан тұрғындары осы мәселені жиын сайын қозғап келеді. Ешқандай нәтиже жоқ. Себебі, иттердің көзін жоюға қатысты заңнан аттап кете алмайды.

«Босып жүрген иесіз иттер көп. Біз оларды себепсіз жоя алмаймыз. Олардың көзін жою үшін портал арқылы конкурс жариялап, жеңімпазды анықтап, сол адам арқылы ғана оларды жоямыз. Бұл мәселеге жергілікті полиция өкілдері немесе Торғай ауылы әкімдігі араласа алмайды. Халықтың айтуы дұрыс. Бірақ, қолымыздан келер қайран жоқ», – дейді жергілікті билік.

Қаңғы бас иттер мал түгілі адамдарды талаған жөнінде дәйекті фактылар бар. Бұлай бола берсе, иесіз иттердің кесірінен қайғылы жағдайға тап болмыз. Сондықтан иттердің құрметіне арналған заңнның күшін жою жөнінде министрлікке ұсыныс хат жазып, Парламентте қарауға жодау қажет.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8