Жанкелдин ауданында ит аулау мәселесінің шешімі табылмай тұр

Иесіз иттер малға талап жүр

“Топтасып жүрген қаңғыбас иттер өрісте жүрген қой —ешкілерді талап, маза бермей жүр” деп аудан тұрғындары күні бүгінге дейін дабыл қағып келеді. Бірақ, осы мәселенің шешімі әлі шешілген жоқ. Торғай ауылының әкімдігі, “Себепсізден себепсіз ит аулауға болмайды, тек заң аясында ғана” деген сөздерді алға тартып отыр.
Жалпы, иесіз иттердің көзін жою үшін арнайы порталь арқылы конкурс жариялап, жеңімпазды анықтау керек екен. Содан кейін әлгі жеңімпаз атанған адам күндіз көздеп атып, түнде іздеп атауына болады мыс. Жыл басынан бері ит аулау мәселесін айтып, әбден шаршаған тұрғындар кімге шағымданарын білмей сарсаң күйде отыр.
“Жақында өрісте жүрген қой ешкілерге ит шабуыл жасар, екі үш бас ұсақ малды жарақаттап кетті. Ұйығып жүрген иттер өзен жағалауында көп жүреді. Тіпті адамға да айбат шеккісі келеді. Иттердің көзін жоймаса, арты жақсы болмайды. Біз өзі асықпайтын халықпыз. Қаңғыбас иттерді адам талағаннан кейін барып, жоятын әдетіміз бар. Оқыс оқиға болмай оның алдын алмаймыз. Бұның бір шешімі болмаса, әлі талай көресіні көретін боламыз”, — дейді аудан тұрғындары.
Рас, аяғыңызды аттап бассаңыз иесі иттер қаптап жүр. Өрісте сиыплармен бірге жүрген иттерді де көрдік. Олар жаңа бұзаулаған сиырдың төлін жеп әбден дәмденген. Қаңғыбас иттердің көзін жою мәселесінің түйіні шешілетін күн болар ма екен.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдық жас өнерпаздар жылдық есеп беру концертіне қатысты

Ауданымыздағы қосымша білім беретін «Балалар шығармашылық үйі» шәкірттерінің  «Өнерім саған, туған жер» атты есеп…

14 минут назад

В Мендыкаринском районе 8 водителей мототехники привлекли к административной ответственности

В период с 19 апреля по 19 мая на территории района сотрудниками отдела полиции проводится…

58 минут назад

Қамыстыда жаңа қойылымның премьерасы өтеді

Қамысты аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жайылма» халық театры көрерменге жаңа туындысын ұсынбақ. 24 сәуір…

5 часов назад

Почти два месяца жительница Костаная, потерявшая ребенка и лишившаяся матки, пытается наказать виновных

Асель Уакбаева намерена через суд добиваться наказания врачей, пишет "ТоболИнфо" (далее…)

7 часов назад