Жанкелдин ауданында инфрақұрылым жобалары жүзеге асады

Жолдар қалыпқа келтіріледі

Биыл су тасқыны кезінде маңызы бар тас жолдарды су жырып, жол қатынасын күрт үзді. Соның салдарынан Торғай – Арқалық тас жолы екі жерден бұзылды. Яғни Тәуіш ауылының және «Қисық қарасу» бөгетінің тұсынан қаққа айырылды. Судың қарқыны бәсендегеннен кейін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық жол басқарамасы іске кірісіп, уақытша қалыпқа келтірді.

«Осы апта соңына дейін жобалау ұйымы сметаны және жұмыс көлемін айқындайды. 1 тамызда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталады. Қыркүйек айында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады деп жоспарланып отырмыз. Әзірге бұзылған жерлерді қалыпқа келтіріп, суағарлар саламыз. Жырылған жерлерді тіктеп, шибін тас төсеп, таптаймыз. Ал, асфальт жабындысы келесі жылы төселеді», – дейді облыстық жол басқармасының мамандары.

Сонымен қатар, «Тоқанай-Саға-Алтынсарин» автомобиль жолының 34-49 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, «Шұбалаң-Ахмет Байтұрсынұлы» ауылдарының автомобиль жолының 57,6-107,6 шақырымы жөнделеді. Шилі ауылдық округі мен Сарысу ауылының кіреберісі де жөнеделеді деген үміт бар. Су тасқынынан кейін Ахмет Байтұрсынұлы және Тәуіш ауылдарының көше жарықтарын модернизациялау барысында 106 баған және жарық шамдары орнатылады. Сужарған ауылының жастары үшін 10 млн теңгеге шағын футбол алаңы салынды.Тәуіш, Саға, Аралбай, Қалам-Қарасу, Көкалат ауылдарының сәулеттік келбетін жақсарту үшін 31 млн теңгеге 4250 метр «Евро» қоршаулар орнатылады. Үкіметтің назарына ауылдарға бұрылғаны қуанышты хабар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3