Жанкелдин ауданында халық шығармашылығы фестивалі көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады

Көптен бері бұндай концерт болған жоқ

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде 37-ші «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығының байқау фестивалі өтті. Әр аудан, қалалардың өнерін тамашалап, бағасын беріп, әділ шешімін шығаратын қазылар алқасы аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Жыл бойы жасалған жұмыстың қорытындысын бағалап, сараптайтын байқау аудан өнерпаздарының жоғары деңгейде жұмыс жасағанын анық көрсетті.

Сонымен қатар қазылар алқасы құрамында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов төрағалық етіп бастап келген, Дәмир Қалқаев облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық кинобейнеқор орталығының басшысы, Салтанат Жақаева ҚР мәдениет саласының үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің өнер кафедрасынң қауымдастырылған профессоры, Е.Өмірзақов атындағы Облыстық филармониясының жастар камералық хорының жетекшісі, және дирижоры, Салтанат Доспанова Облыстық білім басқармасының Қостанай педагогикалық колледжінің хореография бөлімінің меңгерушісі, Батырбек Байназаров Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, Республикалық күйшілер Одағы , Қостанай облыстық филиалының жетекшісі, Талғат Молдағалиев халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» төс белгілерінің иегерлері, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның әншісі төрелік жасады, әділ бағаларын берді.

Концерттік бағдарлама театрландырылған қойылыммен шымылдығын ашты. Кейін ғасырлар пернесі халық ансамблінің «Ақ сауыт» «Дәуір Дастан» шығармалары асқан шеберлікпен орындалды. Мэлс Марселұлы Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі, Перизат Қалбайқызымен орындаған «Күй тартысы» көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасына ерекше әсер қалдырған нөмерлердің бірегейі Бақытжан Байқадамовтың атындағы камералық хордың «Арқалықтың ақ таңы» әні, сондай-ақ , Алмас Нұрлан, Жәния Алмасқызы, Алмай Сейілхан, Шұға Алмасқызының орындауындағы «Әке тілегі» әні, ондағы сахналық қойылым, жүректен шығып, жүректерге жетті. Қазылар алқасы осы бір ән орындалғанда сахнадағы әке мен бала көрінісін көріп еріксіз көздеріне жас алғандарын жасырмады. Мұң бұралған «Еркеназ» би ансамблінің қыздары, «Балқадиша» жетігенші қыздары әдетінше сахнаның көркін келтіріп, барша көрермендерге ерекше сезім сыйлады. «Ару ана» ансамбльі, Фариза Бүркітбай, Алмас Нұрлан, Гүлдана Сарсенгелдина мен Мирас Әбдікәрімнің дуеті, Марғұлан Қасымбек пен Батырлан Қазымның «Әкеге сағыныш» нөмері, Гүлсая Манатқызының өнері көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Аталмыш концерт өте жоғары деңгейде өтте. Мұны қазылар алқасының берген бағасынан ақ аңғаруға болады. Қазылар шешімімен он алты нөмердің он бірі жоғарғы 25 ұпайға ие болды. Әр жанр 1 балдық шкаламен бағаланды, 10 бағыт бойынша 10балға ие болды. Айта кету керек, өткен жылдарға қарағанда өсім өте жоғары. Сыртта жүрген өнерпаздар, жерлестеріне қолдау білдіуге келген Марғұлан Назарұлы, Жасұлан Мақашов, Тойбазар Тасқын Әжібай, Сапура, Қапуза Әлібековаларды ерекше атап өтуге болады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ Суретті түсірген: автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.