Елдің алғысын арқалады
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде халықаралық театр күніне орай «Театр-өмір айнасы» атты мерекелік кеш өтті. Сахна шымылдығы Байбатыр Ахметбековтың «Театр саңылақтары» туралы жазылған прологымен ашылды. Кейін халық театрының зерделі тарихы көрермендер назарына ұсынылды. Одан әрі Б.Хамзин атындағы өнер мектебі жанынан құрылған «Сиқырлы театр» үлгігі драмалық ұжымы Абылай Маудановтың «Заманауй мақта қыз» қойылымын сахналады. Халыққа ерекше әсер қалдырған кішкентай бүлдіршіндер, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 53 жылдық тарихы бар халық театрының әртісі Байбатыр Ахметбеков «Танысу процесі» монологын, «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры Нұрлыбек Жұбатқанның «Ауылдағы айтқыштар» интермедиясын көрерменге тарту етті.Жетекшісі Мейрамбек Бейсенбек.Кештің әсерлі сәттерінің бірі Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Халық» театрының «Қайран кездер-ай» қойылымы болды.Қойылым жетекшісі Фариза Бүркітбай. Көрерменге рухани демалыс сыйлай білген өнер майталмандары халықтың зор қошеметіне бөленді.
Салтанатты шара соңында аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов құттықтау сөз сөйлеп, театр өнерінің маңыздылығына тоқталды. Кеш соңында өнер иелері облыстық Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Кто виноват в ее смерти: сотрудники поликлиники №3, скорой помощи или детской больницы? Об этом…
С 4 по 6 апреля в городе Костанае завершился чемпионат Костанайской области по волейболу среди…
Данные проекты планируются на общую сумму 1 613,5 млн тенге. (далее…)
Қарапайым халықта белсенділік жоқ (далее…)
Районная газета знакомит вас с земляками, увлекающимися чтением в рамках рубрики «Читающий район». (далее…)
Как известно, Казахстан является многонациональной страной. Добрососедство представителей разных вероисповеданий сформировало особое мировоззрение у наших…
This website uses cookies.