Жанкелдин ауданында дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылып келеді

 Жақсылық жасап жарысайық

Аталмыш акцияның негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Бүгінгі күні 80 оқушы аталмыш акцияға қатысып отыр. Мекеме кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, депутаттар, саяси партия мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері жыл сайын бір кісідей атсалысып, игілікті істің жаршысы болып келеді. Қолдан келген көмектерін бірі қаржылай көрсетсе, енді бірі мектеп формасын, оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Ағымдағы оқу жылына дайындық басталып кетті.1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін акция жұмыла кірісіп, әр бір оқушы бойына мейірімділік пен қайырымдылық үмітін орнатайық.

Айта кету керек, жалпы оқыту қорынан жыл сайын көп балалы, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға осы уақытқа дейін 41000 теңге беріліп келді. Биылғы оқу жылында аталмыш санаттағы осал топқа төтенше жағдай кезінде үйлері суға кеткен отбасылардың балалары да қосымша қамтылмақ. Аудандық білім беру бөлімінің мамандарының сөзіне сүйенсек, биылғы оқу жылына 471 оқушының құжаты қаралуда, сондай-ақ, құжаттары қабылданған жағдайда бір отбасындағы әр бір балаға 43 407 теңгеден берілетін болады. Жалпы оқыту қорынан бөлінген қаражат аудандық білім беру бөлімінің қадағалауымен әр бір отбасының жеке шотына түседі.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Данагүл Сүйіндікованың айтуынша, кезекті оқу маусымына дайындық барысы жаман емес.Үш жылдың ішінде білім беру жүйесін қаржыландыру 53 пайызға өскен. Биыл бұл салаға 196,3 млрд теңге бөлініпті. Оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жалғасуда. Мәселен, биыл облыста алты жаңа мектеп ашылады екен. Мұның сыртында жыл сайын білім беру нысандарын жөндеуге қомақты қаражат бөлінеді. Биыл 155 білім ошағын жөндеуге 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Барлық құрылыс жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде және оқу жылы басталғанша аяқталады екен.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 0