Жанкелдин ауданында бірлік күні мерекеленді

Ынтымағы жарасқан ел озады

Бүгін Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде 1мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік жиын өтті.Аталмыш жиында аудан әкімі Шота Оспанов барша жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады. “Құрметті жерлестер! Сіздерді 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы.Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып, әлемге бейбіт сүйген ел ретінде танылды. Кезінде талай рет елдің басына туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған – ынтымағы мен бірлігі. Биылғы жылы елімізді топан су басып, біздің ауданымызда су тасқынынан зардап шекті, алайда аудан халқының бірлігінің арқасында апатқа қарсы жұмылып қиындықтарды жеңе білдік. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін-“деді, аудан басшысы.

Сондай-ақ мереке қарсаңында тасқын су кезінде көмек көрсеткен бір қатар азаматтар марапатталды.Мерекелік кеш мәдениет үйі мен “Dan-As”шығармашылық орталығының дайындаған концертімен жалғасты.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1