Жанкелдин ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Нарықтық баға ұстанымы байқалмайды

Бүгін аудан орталығындағы “Торғай” базарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауыл, ауылдық округтерден келген сары май, ет, құрт бағалары анау айтқандай арзан емес. Мәселен, аудан орталығында 1 кг май 6000 тг. Құрттың киллограмы 1800 тг. Біздің ойымызша ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі баға бұдан төмен болуы тиіс. Бірақ, ол жерде біз ойлаған бағаны бағамдай алмадық.

“Жәрмеңкеде баға арзан болады. Ауылшаруашылық тауарларын әр сенбі сайын асыға күтеміз. Қалада отырып, ауылдың майын, құртын, қаймаған аңсайтын мен секілді зейнеткерлер көп. Жәрмеңкеге келгенде 5-10 теңге арзан бағада деп келеміз. Сатылымда тұрған тауарлар аудан орталығындаға бағамен бірдей. Бұндай жәрмеңке болмайды” —дейді зейнеткер әжелер.

Расында, баға көлемі нарыққа сай болуы керек. Алдағы уақытта аудандық ауылшаруашылық бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері осы ұсынысты ескерсе екен.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7