Жанкелдин ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Нарықтық баға сатылымы
Бүгін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Шилі ауылдық округі келді. Жоспарға сәйкес, Қызбел ауылдық округіде келеуі керек болатын. Жолдың шалғайлығын сылту етіп, жәрмеңкеге келуден бас тартқан. Сонымен орталық базарда ауыл шаруашылығы өнімдері сатылымға шықты. Сүт, құрт, ірімшік, қымыз бағалары төменгі баға да сатылды. Жердің шалғайлығына қарамай келген округ әкімі мен бас маманы сауда айналымына өздері кірісті. Жарнамалаудың кемдігі болар, сатып алушылардың қатары өте аз.
“Біз алдына ала әлеуметтік желілерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін жариялап, таратамыз. Неге екенін белгісіз келушілердің саны аз. Бірақ, баға аудан орталығындағы тауарлардан төмен. Бір жүйе қалыптастырып, ай сайын жәрмеңке ұйымдастыруды қолға алып жатырмыз. Нарықтық баға жоспарлы түрде тұрақтанады” —дейді кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Самал Сәрсенгелдина.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі айына екі рет өткізіліп тұрса, бәскелестік артар еді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31