Жанкелдин ауданында ауған ардагерлеріне құрмет көрсетті

 Ұмытылмас отты жылдар15-ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні.Аталмыш сұрапыл, қасіретке толы қанды оқиғаның аяқталғанына биыл 36жыл. XX ғасырдың ең ұзақ қантөгісіне енген соғысқа интерноционалдық борышын өтеу үшін 22269 қазақстандық аттанған.Олардың 924-і майданда ерлікпен қаза тапса, 1015адам мүгедек болып оралып, 19адам іс-түссіз жоғалды.Бүгінде кеуделерін оққа тосып, отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, елге-аман есен оралған аудандағы ардагерлер Марат Ғизатулин, Серік Жадиков, Құнанбай Төлебаев, Зияден Ғазизов, Роман Төлеген, Еркін Байназаров, Кендебай Тұрмағанбетов, Бөкейхан Исмагуловтардың жасаған ерліктері, жас буынға үлгі-өнеге.

Айтулы күн қарсаңында, Ы.Алтынсарин мұражайында, Торғай мұражайлар кешенінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Біз ауған жолдарынан өттік”атты ауған ардагерлерімен кездесу өтті. Оған ауған соғысының ардагерлері Құнанбай Тойшанұлы, Марат Зауребекұлы, Бөкейхан Әмірханұлы және мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.Кездесу барысында ардагерлер ұрыс алаңындағы оқиғаларды баяндап,қызықты есте қалған естеліктерімен бөлісті.

“Сұрапыл кезеңдегі оқиғалар әлі көз алдымызда.Ол кезде бәрі жас, небәрі 18-20жастағы жас буын.Кәдімгі суық қарулар бұрын соңды көрмеген, өз қолымызбен ұстап ең алғаш сол кезде көрдік.Көбі отбасына ұрыс алаңында жүргенін айта алмады.Бәрі отан алдындағы борышын өтеп жүр деген оймен жүрді.Көп жандармен таныстық,кейде отырып интернет желісінен ауған ардагерлерінің сұхбатын қарап таныстарымызды көріп,бір жағы сол кезеңді еске алатын кездер болады.Ондай қиын кезеңдер елімізде енді болмасын, еліміз аман,бейбітшілік заман болсын дейді”,-ауған ардагерлері.

Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып,тұшымды жауап алды.Сонымен қатар оқушыдармен “Қызықты сұрақтар” ойыны ұйымдастырылып, ардагерлер әділ қазылар құрамында отырды.

Кеш соңында кешеннің бас қор сақтаушысы Ляззат Ертасова келген қонақтарға жылы лебізін жеткізіп, алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыстады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 10