Тазалыққа мән берген жөнБиыл Торғай халқы үшін қыс айы аса қатты болмағанмен, жылдағыдан қар көлемі көп. Биыл табиғи апаттың алдын алу жұмыстарына да мән беріп отыр. Алдымен Торғай ауылы әкімі аппараты коммуналдық кәсіпорынның техникаларын жұмылдырып, орталық алаңдағы қарды тазалап, камаз автокөлігімен ауыл сыртына апарып төкті.
“Қыс кезінде орталық алаңа жаңа жылдық қар қалашықтары жасалды. Енді алда көктем айы келе жатыр. Күн жылып, қар күрт ерісе, орталық алаңды су басып, тұрғындардың берекесін кетіреді. Оның сыртында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақындап қалды. Барлық мерекелік шаралар орталық алаңда өтеді. Киіз үйлер тігіледі. Сондықтан осы бастан қар тазалау жұмыстарын қолға алып жатырмыз”, —дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарагұл.
Сонымен қатар, көше бойындағы қалың қарларды да тазалар, жаяу жүргіншілер жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстарында қолға алмақшы.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Қарасулықтар қошеметтерін аямады (далее…)
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен және облыстық мәдениет басқармасының…
У участницы проекта «Читающее село» любовь к отечественной литературе укрепила интерес к народным традициям. (далее…)
Аймақтық әншілер байқауы (далее…)
Специалисты ведут постоянный мониторинг мест отрождения саранчи (далее…)
Перелески ауылының ежелгі тұрғыны Владимир Зениннің «Кировец-700» тракторын тізгіндегеніне 50 жыл. Ол өмір бойы ауылдағы…
This website uses cookies.